Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Exit poll нәтижесінен кейін алғаш рет пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Exit poll нәтижесін Nur Otan партиясының орталық аппаратында өз штабымен бірге күтті, деп хабарлайды Stan.kz.

Тоқаев Exit poll нәтижесінен кейін алғаш рет пікір білдірді

Айта кетейік, Exit poll нәтижесі бойынша, Nur Otan партиясының кандидаты өзге оппоненттерінен басым түсті. Қасым-Жомарт Тоқаев 70% дауыс жинады.

ОСК мәліметінше, қазақстандықтардың 77,4%-ы дауыс берді. 

Тоқаев алдын ала болжамды нәтиже шыққан соң өзіне сенім артқан қазақстандықтарға алғысын айтты. 

"Сайлауалды кампаниялардың мәдениеттілік танытып, салмақты болғанына қуанамын. Бұл сайлауалды бағдарламалардың бәсекелесі. Бұл елімізде саяси мәдениеттің өскенін білдіреді. Алда көп жұмыс күтіп тұр", - дейді Тоқаев. 

Ол сонымен қатар республикалық қоғамдық штабты, белсенділер мен сайлау алдында тер төккен партия жақтастарына алғысын айтты. 

"Сіздер әлемдегі секілді Қазақстанда да жағдай өзгеріп жатқанын көрдіңіздер. Біз халықаралық турбулентті процестердің объектісі болдық. Қазақстан әлемдік бірлестіктің бір бөлшегі ретінде сыртында не болып жатқанын сезіне алады. Біз Қазақстанның болашағы ретінде бірігіп жұмыс істеуіміз керек", - деді Тоқаев.

Тоқаев Назарбаевтың Қазақстанды әлемге танылған көпұлтты ел ретінде қалыптастырғанын атады. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтті. Алматы мен Нұр-Сұлтанда митингіге шыққан жүздеген адам ұсталды.


 

Талқылау