Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев енді алдағы екі күн Санкт-Петербургте болады

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Санкт-Петербург қаласына барады. Ол Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатыспақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес – Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ең жоғары органы. Ол одақ шеңберінде интеграцияны дамыту стратегиясын, бағытын және перспективаларын анықтайды. Сондай-ақ Одақ елдері үшін міндетті негізгі шешімдер қабылдайды (бюджет, жаңа мүшелер немесе бақылаушылар туралы).


Тоқаев Қазақстанда жапон университеттерінің бөлімшелерін ашуды ұсынды


Тоқаев Жапонияға сапары кезінде 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам құжатқа қол қойды


Отырыс жылына кемінде бір рет өткізіледі, бірақ кезектен тыс кездесулер болуы да мүмкін.

Өткен жылы да Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы және ТМД мемлекет басшыларының бейресми кездесуі Санкт-Петербургте өткен еді. 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен барып, Токио әуежайында Жапонияның сыртқы істер министрі қарсы алғанын жазған едік. Сапар барысында мемлекет басшысы император Нарухито мен премьер-министр Санаэ Такаичимен кездесіп, "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысты. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 20 Желтоқсан, 2025 16:28