"Тоқаев еміме көп ақша берді": Жүрсін Ерман ауыр дертпен күрескен сәтін есіне алды
Айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақын Жүрсін Ерман ауыр дертпен қалай күрескенін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhursin_yerman/
Ақынның сөзінше, дерттен айығуына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көмектескен. Президенттің өзіне жасаған жақсылығын "1001 түн" бағдарламасында айтты.
“Мені құртқан – қант. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керегін айтты. "Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың" деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Қоймай шетелге барып келемін деп шештім. Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты”, – деп әңгімесін бастады ақын.
-
Жүрсін Ерманның шетелдік құдасы немересімен қазақ әніне билеп, көпшілікті тәнті етті
-
"Айшолпанның айтысқаны ұнамайды": Жүрсін Ерман кейбір ақындарды "шоуменге" теңеді
Отандық дәрігерлер өмірінің екі-үш күні ғана қалды деп ауруханадан шығарып та жіберген.
“Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев “барып емделіп кел” деп көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен білемін. Риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні ауруханадан екі-үш күні қалды деп шығаратын болды. Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді", – деп жан сырын ақтарды ақын.
Еске салайық, айтыс өкілі ауырып жүргенде түс көріп, бір шалдың аян бергенін айтқан еді.