Тоқаев Дариға Назарбаеваға алғыс білдірді
Мемлекет басшысы жоғарғы палатаның экс-спикеріне белсенді және жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дариға Назарбаеваға Парламент Сенатының спикері қызметіне алғысын білдірді.
"Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы ретіндегі белсенді және жемісті жұмысы үшін Д. Н. Назарбаеваға алғыс білдіремін", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Еске салайық, мемлекет басшысы бүгін, сенбі күні Сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.