Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев бірқатар елшілерді жаңа қызметке тағайындады

Фото: Gov.kz 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар елшілерді жаңа қызметке тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақорда кімдердің жаңа қызметке тағайындалғанын мәлімдеді. 

“Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Чех Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Ақан Рахметуллин Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.



Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің басшысы Роман Юрьевич Василенко Қазақстанның Люксембург Ұлы герцогтігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды”, – делінеген хабарламада. 

Сонымен қатар, Қазақстанның Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан Бақыт Дүйсенбаев босатылды. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 09 Желтоқсан, 2025 12:33