Тоқаев Бейжіңдегі әскери парадты көру үшін Тяньаньмэньге барды

Фото: Видеодан скрин
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыста және жапон басқыншылығына қарсы күресте жеткен Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалау үшін Тяньаньмэнь алаңына келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қытайдың Халық-азаттық армиясының 45 легі, яғни 10 мыңнан астам әскери қызметкері әскери парадқа қатысатыны туралы хабрланды. Сондай-ақ шеру барысында алғаш рет бірқатар жаңа қару-жарақ жүйелері көрсетілді.
Бейжіңдегі еске алу іс-шараларына 26 шет мемлекет басшысы қатысты. Тоқаев басқа да президенттер сияқты шараның құрметті қонағы болды.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді