"Тоқаев беріп жіберді": Мақпал Жүнісова анасына ерекше сыйлық жасады
Фото: Stan.kz
Халық әртісі Мақпал Жүнісова анасына ерекше сый тарту етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші екі жыл бұрын “Құрмет” орденін алған еді. Сол марапатты анасына сыйлады.
“Қасым-Жомарт Тоқаев ағамыздың қолы қойылған “Құрмет” орденін сіздің кеудеңізге тағып кеткім келеді. Осы қара шаңырақта сақталсын. Мені туғаныңыз үшін рақмет. 12 баланы дүниеге әкелген құрметті анасыз. Біз сізбен мақтанамыз”, – деді әнші.
-
"Байың әкім болса, бәрі жаныңда жүреді": Мақпал Жүнісова достыққа қатысты өз ойын бөлісті
-
"Жеті жыл заңсыз тұрдық": Мақпал Жүнісова неке куәлігін көрсетті
Өнер иесінің анасы Үміт те жүрекжарды тілегін білдірді.
“Мақпалды тапқаныма қуанамын. Орден тақты. Моншақ тақты. Бәріне шүкір”, – деді анасы.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің анасын қызу талқылап жатыр.
“Апамыз 88 жаста болса да әлі тың екен”, “Қандай керемет адам”, “Мақпалдың күлкісі анасына ұқсайды”, “Халық әртісі сияқты әзілге жақын екен”, “Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды деген сөз рас-ау”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Мақпал Жүнісова не себепті 20 жас үлкен адамға тұрмысқа шыққанын түсіндірген еді.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
