Тоқаев Алтай Көлгіновті премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатты
Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары қызметінен президент қаулысымен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Алтай Көлгінов бұл лауазымға 2022 жылдың 9 желтоқсанында тағайындалған. Оған дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы, БҚО әкімінің орынбасары, Орал қаласының әкімі, Батыс Қазақстан облысының әкімі болған. Ал 2019 жылдың маусым айынан бері Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған