Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Содырлар мигранттар деген атты жамылып ұшып кетті": Тоқаев Алматыға шабуыл жасағандар туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға шабуыл жасаған бүлікшілердің мигрант ретінде шет елге ұшып кеткенін айтты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Бұл адамдар материалдық дүниелерге қызықпаған. Оларды әкімдіктер мен арнайы құжаттар қызықтырған. Сәйкесінше әкімшілік ғимараттарға шабуылды басқарып, құқық қорғау органдарындағы ақпараттарға көз тіккен. Бұл шетелден содырларды тарта отырып жасалған арнайы террористік жоспар болған.

Олардың әуежайды басып алуы да бекер емес. Орталық Азияның бір қаласынан келген азамат содырларды алдымен әуежай мен шекарадан өткізіп, кейін барлық іс-қимылды басқарып отырған”, - деді президент.

Тоқаевтың сөзінше, шетелдік террористер кәсіби дайындығы бар командирлер мен содырлар болған. Олар шекарадан өтетін кезде гастарбайтер атын жамылған.

“Олар қалаға кірген соң іске кіріскен. Ал құқық қорғау органдары тойтарыс бергенде, оларды Алматы әуежайы арқылы эвакуация жасаған. Тек осыдан кейін ғана әуежайды қайтарып берді. Мұның бәрі мұқият жоспарланған операция болды. Оның мақсаты мемлекеттік институттарды жою, Конституциялық құрылымды бұзу және ақыр соңында билікті басып алу еді”, – деді президент.

Талқылау