Тоқаев АҚШ елшісін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффтты қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалогы екіжақты және көпжақты форматтағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізіп келе жатқанына тоқталды.
“Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция салаларындағы маңызды уағдаластықтарды жүзеге асыру барысы талқыланды. Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін екі елдің салалық ведомстволары деңгейінде тығыз қарым-қатынасты жалғастыру қажеттігі айтылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Қазақстан Газаға әскер жібермек: Трамп Тоқаевқа алғыс айтты
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джули Стаффт Бейбітшілік кеңесі аясындағы ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты. АҚШ елшісі аталған Ұйымның ізгі мақсатын ілгерілетуге белсене атсалысқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, бұл Тоқаев пен АҚШ елшісінің бір ай ішіндегі екінші кездесуі. Тоқаев 13 ақпан күні Джули Стаффтты қабылдаған еді.
25 мың теңгелік автотұрақ: Көк Төбеде туристер есебінен кім табыс тауып отыр?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"