Тоқаев 2 қыркүйекте қазақстандықтарға жолдау жасайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомартт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.
- "Нағыз жігітсің": Тоқаев Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесіп, Сметовтің жеңісіне тоқталды
- Қызмет барысында ауыр жараланып, 6 жыл бойы төсекке таңылған әскери қызметкер Тоқаевтан көмек сұрады
Президент жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.
Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді. Отырыс 2 қыркүйекте сағат 11:00-де Астанада өтетіні хабарланған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"