Тоқаев 18 желтоқсанда іссапармен Жапонияға барады

18-20 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.
Бұдан бөлек, Қазақстан президенті "Орталық Азия – Жапония" саммитіне қатысады.
Тоқаев Ресей мен АҚШ президенттерінің Украина бойынша келіссөздер процесін қолдайтынын айтты
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға іссапармен келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, "Алтын Қыран" орденімен марапатталды. Келіссөздер барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көлік-транзит пен энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық және ғылыми саладағы келісімдерге қол қойылды. Елдер арасындағы тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін арттыру және қос тараптың стратегиялық серіктестігін тереңдету мәселелері талқыланды.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?