"Тоғыз жыл күткен той": Айқын мен Жұлдыз үйлену тойларын жасады
Отандық шоу-бизнестегі танымал жұптың бірі – Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали бағдарлама студиясында үйлену тойын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Өнер иелері “Астарлы ақиқат” бағдарламасында қонақ болып, жақындарымен бас қосты.
“Негізі бұл тойды тоғыз жыл бұрын жасайын деп ойлап едік. Бірақ Жұлдыздың ұзатуынан кейін хейт басталып кетті. Сол кезде Жұлдызға "Кішкене күте тұрайық, халық үйренсін бұл жаңалыққа, ашуы басылсын" деген едім. Сосын енді той жасайын деп жатқанда кино түсіріп кеттік. Оны аяқтап, енді той істейін дегенде, пандемия басталып кетті. Әне-міне деп жүріп үй салдық, сөйтіп жүргенде 9 жыл өтіп кетіпті ғой. Енді, міне, той жасайық деп шештік. Жұлдызға о баста айтқанмын, "Той жасаймыз, сен ақ көйлек киесің" деп. Кез келген қыз баланың арманы – ақ көйлек киіп, күйеуге тию", – деді студияға үйлену тойын жасауға келген Айқын Төлепберген.
Сонымен қатар жұлдызды қалыңдық та тоғыз жылдан кейін арманының орындалғанын айтып, қуанышын жасыра алмады.
“Жастау кезімде тура біздің басымыздағыдай біреудің оқиғасын естіп едім. Сол кезде "Құдай сақтасын, жоқ, менің басымда мұндай оқиға болмайды. Мен ешқашан мұндай қадамға бармаймын. Басымды да, мұрнымды да сұқпаймын" деп айтқаным есімде. Бірақ Алланың өзі мені осылай сынады. Тоғыз жылдан кейін осылай студияда той жасап, ақ көйлек киіп отырғаныма әлі де сене алар емеспін", – деді әнші.
Еске салайық, Айқын Төлепберген бірінші әйелін тастап кетті дегендерге жауап берген еді.