33-минутта Ислам Чесноков доптың серпілген сәтін тиімді пайдаланып, тағы бір гол салды.
Осылайша, “Тобыл” Қазақстан кубогының үш дүркін иегері атанды. Алғашқы екі трофейді құрама 2007 және 2023 жылдары жеңіп алған.
Титул саны бойынша “Тобыл” астаналық “Жеңіс” және “Астана” клубтарымен теңесті. Олардың да әрқайсысында үш кубоктан бар. Ослайша,қостанайлықтар мен астаналықтар 2–4-орындарды бөліседі. Ал көш басында он мәрте жеңіске жеткен “Қайрат” тұр.
Бұл турнирдегі жеңісінің арқасында “Тобыл” келесі маусымда Конференциялар лигасына қатысуға жолдама алды.