"Тобыл" Қазақстан Суперкубогінің төртінші мәрте жеңімпазы атанды

Қазақстан Суперкубогі аясында алматылық “Қайрат” пен қостанайлық “Тобыл” арасында матч өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алғашқы болып ойын тізгінін “Тобыл” қолға алған еді. Қостанайлық клуб сапынан Герра есеп ашып, командасын алға шығарды.
Дегенмен көп ұзамай “Қайрат” командасынан Александр Мрынский жауап голын соғып, таразы басын теңестірді.
Кейін “Тобыл” ойын тәртібін бұзып, қарсыласына айып добын орындауға мүмкіндік сыйлады.
Сары-қаралар сапынан Оксанен бұл мүмкіндікті мүлт жібермей алматылық клубты жеңіске бір қадам жақындатты. Есеп 2:1.
Ал екінші таймда екі командада бір-бірінің осал тұсын таба алмай сарсаңға түсті.
Дейтұрғанман 88 минутта “Тобыл” капитаны Асхат Тағыберген мергендік танытып, таразы басын теңестірді.
Осылайша “Қайрат” пен “Тобыл” арасындағы чемпион пенальти сериясында анықталды.
Нәтижесінде 3:4 есебімен қостанайлық “Тобыл” жеңіске жетіп, Қазақстан Суперкубогін төртінші рет көтерді.
Айта кетейік, бұған дейін қос командада Суперкубокті үш рет жеңіп алған.
“Қайрат” – 2016, 2017, 2025 жылдары;
“Тобыл” – 2021, 2022, 2024 жылдары.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған