Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төбемнен салқын су құйғандай күй кештім": Әнші Төреғали Төреәлі қызының диагнозы туралы айтты

Төреғали Төреәлі қызы Кәусар туралыФото: https://www.instagram.com/tolkynturarbekkyzy

Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында қызы Кәусардың диагнозын алғаш естігенде қандай күйде болғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші қызының диагнозы туралы Баян Алагөзованың “Қазақ аруы” жобасына жүргізуші болып сахнаға шығар сәтте білген.

“2015 немесе 2016 жыл болса керек. Баян Алагөзованың “Қазақ аруы” жобасын Ерке Есмахан екеуіміз жүргізуіміз керек болды. Ол кезде Кәусардың азан шақырып қойған есімі Томирис еді. Сөйтіп Астанада сахнаға шығайын деп тұрған сәтте “Томидің диагнозын қойды. ДЦП” деген хабарлама келді. Төбемнен салқын су құйып жібергендей күй кештім. Ол сезімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Хатты оқыған сәттен бастап қалғаны есімде жоқ, сахнаға қалай шықтым, қалай жүргіздім. Сол сәттен бастап маған атақ деген қызық емес болып қалды, өмір мен ойлағандай болған жоқ. Тағдырым мен ойлағандай болғанда өмірім басқаша болар еді. Сөйтсем, Алланың өз жоспары бар екен. Қәусарды Алланың маған жіберген сынағы емес, нығметі деп қабылдаймын. Аллаға шүкір, ол қазір шаңырағымыздың гүлі, Алланың маған беріп жатқан бақыты да, байлығы да, бәрі осы Кәусар қызым үшін деп ойлаймын”, – деді ол.

Төреғали Төрәлі қызына арнап ән де шығарған, ән “Кәусар” деп аталады.

Айта кетейік, бұған дейін танымал блогер Фариза Төреәлі ағасы Төреғалидың туған күніне ерекше сыйлық бергені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Дүйсенбі, 24 Қараша, 2025 11:40
Талқылау