Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Төбем көкке жетіп отыр": Кореядан шыға алмай қалғанын жылап айтқан қазақ қызы елге оралды

Күні кеше Оңтүстік Кореяға жұмыс істеу үшін барып, ұятты жұмыспен айналысуға мәжбүрлейтін жерге тап болған Аружан Сартаева елге ұшып келді. Бойжеткеннің Қазақстанға оралуына және СІМ-нің қол ұшын созуына Қайрат Құдайберген тікелей әсер еткен-ді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аружан Сартаева

«Бүгін мен таңғы сағат 05:50 кезінде елге ұшып шығамын. Мені әуежайға достарым алып келеді. Қазір жаным тыныш. Бар қорқынышым кеденнен өту процесімен байланысты болды. Елшілік 1 500 түсініктемеден кейін мені шығарып салу қажет екенін түсінді. Елшіліктің жұмысына көңілім толмайды. Түсіндіргеніме қарамастан, көмекке зәру екенімді түсінбеді. «Бұл жағдайға көз жұма қараңыз» деді», - дейді Аружан Сартаева. 

Әрі қарай бойжеткен өзіне көмектесу үшін адвокаттың хабарласқанын айтты. Ол учаскеге барып, кәрістердің үстіне арыз жазуға кеңес берген. Алайда бойжеткен мұны тек өз елінде жүзеге асыратынын айтып отыр. 

«Қазақстанда жүрген кезде сол жақтағы менеджерге қатысты құқығым көбірек болады. Бұл жерде учаскеден учаскеге барып, кәрістермен соттасып жүргім келмейді. Одан да бұл нәрсені үйімде жасаймын. Мені әуежайдан алып өтсе жақсы. Маған қазір бар керегі осы болып отыр. Қазір жаным жай тауып отыр», - деді ол. 

Әрі қарай ол елшіліктің өзін халыққа басқа қырынан танытқаны туралы айтты. Осы үшін ол елшілік қызметкерлеріне ренжіген-ді. Есесіне алғыс білдіретін адамы бар.  

«Артық пікірдің қажеті жоқ. Көмектескен Қайрат Құдайбергенге көп рахмет. Төбем көкке жетіп жүр. Елшіліктің көмегінен бас тартпаймын. Олар маған өз көлігімен әуежайға алып баратындарын айтты. Мен мұның орнына мен отырған көліктің жанында жүріп баруды сұрадым. Бірақ елшілік бұлай істеуден бас тартты. Ең болмағанда, осы үшін рахмет. Мұның барлығы міне-міне бітеді. Мен үйде боламын, барынша сабырлымын. Ойша Қарағандыда, Қазақстанда жүрмін. Барлығының осылай болып жатқанына ризамын», - дейді ол. 

Десе де бойжеткен өзі туралы жағымсыз ақпарат таратқан кейбір БАҚ өкілдеріне еш ренжімейтінін жеткізді. Айтуынша, дәл қазір мұның еш маңызы жоқ. 

Бірнеше сағат бұрын Аружан Сартаева әлеуметтік желідегі парақшасына отанға аман-есен оралғанын айтып видео жүктеді. 

Талқылау