Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тізімде стоматология, Салық комитеті, университеттер бар": 16 миллионнан аса қазақстандықтың жеке дерегі желіге тарап кетті

Фото: Рixabay.com

Қазақстанда 16 миллионнан астам азаматтың жеке деректері желіге тарап кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ашық қолжетімділікке түскен деректердің ішінде азаматтардың аты-жөні, туған күні, ЖСН, телефон нөмірлері мен мекенжайлары бар. Мекенжай тізбегінде жиі кездесетін мекенжайлар қатарында стоматология, емханалар, Салық комитеті, университеттер мен басқа да ұйымдар көрсетілген.

"Бұл мәліметтердің ашық немесе жартылай ашық API арқылы жаппай жиналғанын немесе дұрыс бапталмаған сервистердің ID арқылы жеке мәліметтерді қайтаруын, интеграциялық жүйелерден қате жіберілген ақпараттық дамптардың салдарынан болғанын көрсетуі мүмкін", – делінген хабарламада.

Өз деректерінің таралуына күмәнданған азаматтарға eGov, онлайн банкинг және мемлекеттік кірістер комитетінің базасындағы белсенділіктерін тексеру ұсынылады.

Жеке деректердің таралуы азаматтар үшін мынадай қауіптерді тудыруы мүмкін: фишинг, әлеуметтік инженерия, құжаттарды қолдан жасау, телефон арқылы алаяқтық.

Қазір мәжілісте "Жасанды интеллект туралы" жаңа заң жобасы қаралып жатыр. Бұл құжатта жеке деректердің таралуы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.


Қылмыстық топ қазақстандықтардың жеке деректерін коллекторларға сатқан


Кредит бергіш компанияларға біздің деректерді кім ұсынып жүр – Депутат интернет-алаяқтар туралы


Еске салайық, бұған дейін жақын арада eGov қосымшасында қазақстандықтар жеке деректерінің таралып кеткен-кетпегенін тексере алатын жаңа функция іске қосылатынын жаздық. Web-Totem ЖШС директоры Руслан Төргелдиновтың айтуынша, жаңа Nomad Guard сервисі eGov жүйесіне интеграцияланған.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 16 Маусым, 2025 16:08
Талқылау