"Тышқан жүгіріп жүр": Алматыда ата-аналар жекеменшік мектептің асханасы талапқа сай емес екенін айтып шағымданды

Фото: Видеодан скрин
Алматыда жекеменшік мектеп ата-аналары білім ошағының асханасы талапқа сай емес екенін айтып шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың сөзінше, мектептен тамақ жеген балалар жиі ауыратын болған. Ұл-қызының денсаулығына алаңдаған жұрт мектеп әкімшілігіне бұл туралы талай ескерткен. Бірақ мәселе шешілмей, санитария-эпидемиологияны бақылау басқармасына жүгінуге тура келіпті.
Abyroi School мектебінде бүгінде 800-ге жуық оқушы білім алып жүр. Ата-аналардың бастауыш сыныптағы балаларға берілетін тағамға көңілі толмайды.“Тамақ ұнамайды. Жесем, макаронның дәмі біртүрлі, күнде солай айтып келеді. Ас мәзірінде дәмдеуіштер болмау керек. Соның дәмі бар. Аспаз айтып тұр”, – дейді Клара Жарбосынова.
Тамақ шаң-тозаң мен қоқыстың ортасында әзірленеді: Астанадағы даулы асхана әлі жабылмай тұр
Мектеп асханаларын ескертусіз келіп тексереді
“Ашыған тамақ беріп жатыр. Бізге чатқа келді. Біздің баламыз ондай тамақ жейтін болса, ертең неше түрлі ауру пайда болмай ма? Өміріне қауіп төнеді ғой! Біз сонда ақша беріп, ауру сатып алып жатырмыз ба?” – дейді Айнұр Кескенбаева.
Дәмсіз тамақтан оқушылар бас тартып, үйіне аш қайтатын көрінеді. Ал тамақ жеген күні іші ауырады екен. Ата-аналар әр балаға айына 150 мың теңге төлейді.
“Апта сайын деп айтайын, мұғалім хабарласып, "қызыңызды алып кетесіз бе?" деп қоңырау шалады. Себебін сұрасам, "іші ауырып, мазасызданып тұр" дейді”, – деді Қарлығаш Тағаева.
Сонымен қатар, оқушылар түсірген видеодан асханың қол жуатын бөлмесінде тышқан жүгіріп жүргенін байқауға болады. Мектепке келген ата-аналар басшылықтан бұл бассыздықтың себебін сұрады. Ал жекеменшік мектептің негізін қалаушы балаларға берілетін тағамнан өзім де жеймін деп отыр. Асхана да, тамақ та талапқа сай дейді. Дегенмен, ата-аналардың шағымын ескеріп, аспаз бен ас мәзірін ауыстыруға келіскендей болды.
“Қазір барлығын анықтап жатырмыз. Ата-аналарға уәде еткенімдей, келесі дүйсенбіге дейін асхана қызметкерлерін ауыстырамыз. Тамақтану мәзірін реттейміз. Одан кейін апта сайын тексеріп отыруына да мүмкіндік береміз. Ал тышқанға қатысты айтар болсам, мектептің арты жазық дала, сол жақтан келген болуы мүмкін. Бірақ оларға қарсы ай сайын зарарсыздандыру жүргізіп тұрамыз”, – дейді Abyroi school мектебінің негізін қалаушы Қанат Ахмедов.
Ата-аналар санитария-эпидемиологияны бақылау басқармасына шағымданған. Енді прокуратура рұқсат еткен жағдайда, білім ошағында жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Заң бұзылғаны анықталса, мектеп әкімшілігіне айыппұл салынбақ.
Еске салсақ, Семейде мектеп асханасында бәліштің ішінен тышқанның жүні табылғанын жазғанбыз.
"Әсіресе аяғы ауыр әйелдер мен балаларға өте қауіпті": "Гонконг" тұмауын кәдімгі тұмаудан қалай ажыратуға болады