"Тірі қалуы – ғажайып": Қарағандыда 3-сынып оқушысы −30 °C температурада ашық кәріз құдығына құлап кеткен

Фото: dzen.ru
Қарағандыда 3-сынып оқушысы −30 °C температурада ашық кәріз құдығына құлап кеткен. Суық суда болған баланы дер кезінде құтқарып үлгерген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқушы №103 мектеп-лицейі жанындағы ашық дренаждық құдыққа құлап кеткен. Оқиға далада, ауа температурасы −30 °C кезінде болған. Бала мұздай суда қалып, денесі суықтан тоңған. Оқиға туралы баланың әпкесі әлеуметтік желілерде хабарлады. Оның айтуынша, құдық қоршалмаған, жанында камералар да, ересектер де болмаған.
"Баланың тірі қалуы – ғажайып. Жанында сыныптастары болды. Олар тез әрекет етті, абдырамай, үлкен сынып оқушысын шақырды. Құдайға шүкір ол баланы құтқарды", – деп жазды әпкесі.
Жедел жәрдем оқиға орнына келген. Баланы тексерген, жарақаттары жоқ болып үйіне жіберген. Отбасы полиция мен әкімдікке арызданды. Олар кінәлілерді жазалауды талап етуде.
Бастында коммуналдық қызметтер құдыққа қатысты жауапкершіліктен бас тартты. Отбасының айтуынша, жанында "Теплотранзит" және "Қарағанды Жарық" ЖШС жұмыс істейді. Бірақ олар құдық өздеріне тиесілі емес екенін айтқан.
Ал Қарағанды әкімдігі мұның дренаждық құдық екені, ол қаланың жылу желілерінің балансына кіретінін және онда су болмауы керек екенін жеткізді.
"Бұрын бұл құдықтың қақпағы ұрланған. Арыздан кейін оны жауып, қауіпсіз күйге келтірген едік. Бірақ қақпақ қайта ұрланды. Сол себепті осындай оқиға болды", – деп түсіндірді ведомство өкілдері.
-
Астанада аялдама маңынан ер адамның мәйіті табылды: Әкімдік оның мұзға тайып құлағанын жоққа шығарды
Шенеуніктер баланың ата-анасынан кешірім сұрап, көшедегі қауіпсіздікке бақылауды күшейтетіндерін айтты. Қазіргі таңда құдық бетон плитамен жабылған. Билік осындай оқиға қайталанбайтынын уәде етуде.
Ұрлық туралы арыз полицияға тапсырылды. Қалада барлық инженерлік желілерді жоспардан тыс тексеру басталды. Ашық люктер ізделіп, жабылуда.
Әкімдіктің дерегінше, соңғы алты айда Қарағандыда 50-ден астам құдық қақпағы ұрланған.
"Разы болмаймын": Қазақстандық әйел офисінің жанына киіз үй тігіп, мәйіт қойған көршілерінің әрекетіне шағымданды (видео)