"Тыныштық сыйлайды": 2026 жылдың басты түсі анықталды

Фото: Pantone
Pantone компаниясы бейтарап ақ – Cloud Dancer түсі 2026 жылдың үздік түсі деп атады. Сарапшылар Cloud Dancer реңкінің тыныштық сыйлайтынына сенімді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Түстерді болжау мен зерттеуді бақылайтын Pantone Color Institute компаниясының атқарушы директоры Леатрис Эйземанның айтуынша, бұл түс "жаңа бастама және бәрін жаңадан бастауға деген ұмтылысты білдіреді".
"Қарбалас әлемге тыныштық, айқындық және шығармашылық шабыт әкелетін бейтарап ақ түс", – делінген Pantone мәлімдемесінде.
Реңктің басты ерекшелігі – оның мінсіз колористік бейтараптығы. Бұл жылы немесе салқынға жатпайтын бейтарап түс.
Collins Dictionary сөздігі вайб-кодингті 2025 жылдың "жыл сөзі" деп атады
"Бұдан ашық ақ түс оқшаулануды білдіреді", – деп қосты Pantone Color Institute компаниясының вице-президенті Лори Прессман.
Сонымен қатар бұл түс тез өзгеретін әлемде тыныштыққа деген ұжымдық ұмтылысты білдіретінін атап өтті.
Еске салсақ, 2025 жылы қарапайым әрі қымбат көрінетін реңкті қоңыр түс басты түс болған еді.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады