"Тыныс алу мүмкін емес": Шымкент тұрғындары ауа сапасының нашарлағынын айтып, дабыл қақты
Фото: shutterstock.com
Шымкент тұрғындары түрлі аудандарда, тіпті терезелер жабық тұрса да сезілетін күйік, түтін және газдың өткір иісіне шағымдануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кейбір тұрғындар ауадан күкірт немесе газдың өткір иісі сезілетінін айтады. Желі қолданушыларының басым бөлігі бұл тұмшаны индустриялық аймақпен және мұнай өңдеу зауытымен байланыстырып отыр.
Ал экология департаменті қалада ауаның жоғары деңгейде ластануы тіркелмегенін мәлімдеді.
“Қазгидромет” деректеріне сәйкес, қалада ауаның жоғары немесе өте жоғары деңгейде ластануы тіркелген жоқ. Кешкі тұмшаның пайда болуын температураның төмендеуімен, желдің болмауымен, автокөліктердің көптігімен және жеке секторда құрғақ шөп пен жапырақтардың жиі өртелуімен түсіндіруге болады”, – деді экология департаментінің бас мемлекеттік экологиялық инспекторының орынбасары Дүйсен Құлтілеуов.
Тұрғындардың шағымдарынан кейін экологиялық зертхана мамандары түнгі және күндізгі уақытта қосымша ауа өлшеулерін жүргізген. Өлшеулер “PetroKazakhstan Oil Products” ЖШС аумағында, индустриялық аймақтардың санитарлық-қорғау аймағынан тыс жерлерде және “Furkan City” маңында жасалған.
Департамент өкілінің айтуынша, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрацияларынан асу жағдайлары анықталмаған.
Сонымен қатар тұрғындардың шағымдары бойынша “Ордабасы” индустриялық аймағындағы бір кәсіпорынға қатысты тексеріс тағайындалды.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда енді оқушылар тұмшаға байланысты қашықтан оқуға көше алатыны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік