Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тимур Сүлейменов жалақысы мен декларациясын жариялаудан бас тартты

Қазақстанда ипотека бойынша пайыздық мөлшерлеме төмендей ме - Ұлттық банк төрағасы жауап бердіФото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов өз салық декларациясын жарияламайтынын, бұл туралы шешімді заң шығарушы орган қабылдауы тиіс екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол өзінің жалақысы туралы мәліметті жариялауға да рұқсат жоқ екенін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Брифинг барысында журналистер Ұлттық банк төрағасынан неге өзінің табысы мен шығыстары туралы деректерді, соның ішінде салық декларациясын көпшілікке жариялай алмайтынын сұрады.

Сүлейменовтің айтуынша, ол 2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметке келген кезінен бері салық декларациясын тапсырып келеді. Алайда оның жариялануы оның құзыретіне кірмейді. Заң шығарушы орган Ұлттық банк төрағасының декларациясын жариялау туралы шешім қабылдаса, ол оның қатысуынсыз-ақ жарияланатынын айтты.

"Бұл — менің жеке деректерім, мен неге оларды жариялауым керек? Егер заң шығарушы белгілі бір шенеуніктердің жеке деректері жариялануы тиіс десе, онда түсінікті, заң солай шешкен дер едік", – деді Сүлейменов.

Сонымен қатар, журналистер оның жалақысына қатысты сұрақ қойды.

"Біздің жалақымызға қатысты тыйымды  мен өзім ойлап тапқан жоқпын. “Қызметтік пайдалану үшін” деген белгімен қорғалған. Бұл белгі бұрыннан қойылған, мен оны өз бетімше алып тастай алмаймын. Егер заң шығарушы немесе сол белгіні қойған орган оны алып тастаса, мен сіздермен бөлісемін. Ал әзірге ол бар болғандықтан, мен заңды бұза алмаймын", – деді Сүлейменов.

Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Аскарбек Ертаев өз отбасында алты адам барын және олардың ай сайынғы негізгі қажеттіліктеріне 500–600 мың теңге жұмсалатынын айтқан болатын.

Айнұр Мұхади
Жұма, 10 Қазан, 2025 16:29
Талқылау