Тимур Құлыбаев: Астаналық такси жүргізушлері ағылшын тілін білуі керек
Астаналық таксилерге арнайы нөмір берілуі мүмкін. Бүгін бизнес-қоғамдастыққа осындай ұсыныс айтылды.
Бұл арнайы автотұрақтар мен “баслайнда” таксилердің жүріп-тұруын қадалау үшін қажет дейді. Айтуларынша, қалада “жабайы” таксилер тым көп. Кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың да астаналық жүргізушілерге көңілі толмайды, деп хабарлайды Астана арнасы.
“Бәрі бірдей дайын емес, жаңа көліктер болады. Сапамен ерекшеленуі керек. Астаналық такси жүргізушісі ағылшын тілін білуі керек. Қала бойынша гид болуға жарауы тиіс. Қай жерде қандай дүкен, қандай шара өтетіні туралы ақпаратпен алмасатын өзара чаттары болуы керек. Құлыбаев тіпті жүргізушілердің вокзал мен әуежайлардағы “дөрекі” қылығынан да хабардар болып шықты.
“Порттарда адамдарды қолынан тарпай керек. Кезекке тұру керек. Мені ешкім қолымнан тартып жүрген жоқ,бірақ ол жағын естіп жүрем”, – дейді Тимур Құлыбаев.
Тағы да оқыңыз:
Ұлты орыс Татьяна домбырамен қазақтың терме-жырларын айтып, елді сүйсінтіп жүр
Депутат Тараздың ежелгі ескерткіштерін, Бисет ата кесенесін ұлттық валютада бейнелеуді ұсынды
Халықтың жайын кім ойлайды: Журналист Жансейіт Түймебаевқа сауал жолдады