Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Time журналы “Жыл адамы” атағын жасанды интеллекттің негізін қалаушыларға берді

Фото: x.com/TIME

Time журналы “Жыл адамы” атағын жасанды интеллекттің негізін қалаушыларға берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы басылым Х желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

“2025 жыл – жасанды интеллекттің толық мүмкіндіктері ашылған, әрі кері қайтар жолдың жоқ екені айқындалған жыл болды. Ойлай алатын машиналар дәуірін шындыққа айналдырғаны үшін, адамзатты бір мезетте таңдандырып әрі алаңдатқаны, бүгінгі болмысты өзгертіп, мүмкіндіктің шекарасын кеңейткені үшін Time журналы 2025 жылдың "Жыл адамы" деп жасанды интеллект жасаушыларды таңдады”, – делінген жазбада. 

Басылым адамзаттың онжылдықтар бойы ойлай алатын машиналардың пайда болуына куә болып келе жатқанын атап өтті.

“Біз олардың шахмат чемпиондарын жеңу қабілетіне және ақуыз құрылымдарын болжауына таңдандық, сонымен қатар адамзат рухына төндіретін қаупіне, олардың туа біткен дәлсіздігіне де үйренуге тырыстық”, – делінген журнал сайтындағы мақалада.

Фото: x.com/TIME


Collins Dictionary сөздігі вайб-кодингті 2025 жылдың "жыл сөзі" деп атады


Айта кетейік, Time журналы бұған дейін де “Жыл адамы” атағын нақты бір адамға емес, тұтас топтарға немесе құбылыстарға бірнеше рет берген.

Мысалы, 1950 және 2003 жылдары журнал "Жыл адамы" ретінде АҚШ сарбаздарын таңдаған, 1960 жылы – америкалық ғалымдар, ал 2001 жылы – наразылық білдірушілер. 1982 жылы Time "Жыл адамы" ретінде компьютерді атаса, ал 1988 жылы – қауіп-қатерге тап болған Жер ғаламшарын таңдаған.

Еске салсақ, 2024 жылы Time журналы "Жыл адамы" ретінде Дональд Трампты таңдаған еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 11 Желтоқсан, 2025 20:34