Тимати өз дәмханасында Ерке Есмаханның әнін қойып, қазақ әншісіне тосынсый жасады
Мәскеуге барып келген Ерке Есмахан көрші елден алған әсері мен ондағы халықтың өзіне көрсеткен сый-құрметі жайлы айтып берді. Әңгіме барысында Ерке ресейлік әріптесі Тиматидің өзіне жасаған тосынсыйы туралы да айта кетті.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Мәскеу каникулдары аяқталды. Туған елге оралып, жаңа жобаларға, жұмыстың жаңа кезеңіне кірісіп кеттім. Мәскеудің әр бұрышынан қазақ-қырғыз ағайындарды кездестіруге болады. Тіпті шетелде жүргенімді ұмытып кете бердім. Өз елімде қандай сый-құрмет болса, Мәскеуде де сондай құрмет пен сыяпаттан құр қалмадым. Ол жақтағы қандас бауырларға раxмет! Тимати мырзаның “Black Star” қара шаңырағында да сый көрсетіп, әнімді шырқап жатты. Раxмет! Шын, таңқалдым! Мәскеуде өмір сүріп кетуге болады екен маған, бірақ мен елімді еш жермен алмастыра алмаймын!” – деп бөлісті Ерке Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетейік, Ерке Мәскеуден орала салысымен отандық “Жұлдызды жекпе-жек” жобасына қатысты. Алғашқы кезеңде ол әріптесі Зарина Омарованы жеңіп шықты.
Оқи отырыңыз:
Айнұр Тұрсынбаева Роза Рымбаеваны бір көру үшін ішпей-жемей ақша жинаған күндерін еске алды
Жұлдыз Әбдікәрімова: Әр адамның айтқан сөзін көңілге алсаң, түбінде ауру боласың
Толық, шаршаңқы, жылауық: Қазақстандықтар Салтанат Бақаеваға қолдау білдірді
Қазақстандағы ең сымбатты күйеужігіт үйлену тойындағы суретін көрсетті