"Тіл табыса алмадық": Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кеткенін растады
Белгілі актриса, кинопродюсер Әсел Сәдуақасова күйеуімен ажырасып кеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/asselsadvakassova/
Шоу-бизнес жұлдызы жеке өміріне қатысты сұрақтың көп екенін айтып, жан сырын ақтарды.
“Бүгін жеке өміріме қатысты шындықты айтатын уақыт келді. Сіздердің күдіктеріңіз расталды. 4 қазанда біз ресми түрде ажырастық. Сәуір айында-ақ ажырасып кетуіміз мүмкін деп ойладық. Қатты жанжалдан кейін сабырға келіп, отырып сөйлестік. Сол кезде арамызда ешқандай ерлі-зайыптыларға тән гармония болмады. Күн сайын бірге жүруіміз қиындай берді. Маусым айында Балиге ұшып кеттім. Қатты күйзелісте жүрген едім", – деп жазды ол.
Кинопродюсер жолдасы екеуі жақсы дос бола білгенімен, отбасы ретінде тіл табыса алмағанын жеткізді.
"Бұл ортақ шешім болды. Ешкім ешкімді тастап кеткен жоқ, бұл шешімге дейінгі әр қадамды жақсылап ойланып, бірге қабылдадық. Бірден айтайын. Мағжан маған жақын адам болды және болып қала береді. Мен оған бәрін ашық айта алатынмын, сендім және біз бір-бірімізге ең жақын адам болдық, бірақ біз отбасы ретінде ортақ тіл табыса алмадық", – деді актриса.
Фото: https://www.instagram.com/asselsadvakassova/
Еске салайық, Әсел Сәдуақасова баласынан айырылып қалғанда қандай күй кешкенін айтып берген еді.