Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тіл білімі институтының директоры: Латын әліпбиіндегі апострофты алып тастауымыз мүмкін

Ахмет Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек қазақ әліпбиі апострофсыз қалуы мүмкін екенін айтты.

Фото: Болат Шайхинов

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қоғам мен мемлекет орфографиялық таңба қолайсыз деп тапса, бәрі мүмкін. Қажыбек жауап берген басты сұрақ: “Болашақта қазақ тілінің латын әліпбиі теория жүзінде ғана емес, тәжірибе жүзінде де апострофсыз қолданылуы мүмкін бе?”

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша жұмыс тобының басшысы Қажыбектің сөзіне сүйенсек, жақында бекітілген әліпбиді жетілдіру жұмысы аяқталған жоқ. Президен қол қойған жарлыққа қарамастан, әліпбидің қандай болатыны туралы нақты айтуға әлі ерте. Ғалымның айтуынша, әртүрлі нұсқалар ескерілетін болады, басты мақсат – латын әліпбиінің әрбір қазақстандыққа қолайлы болуы.

Қазақ тілінің латын әліпбиіндегі апострофқа қатысты айтылған сыни пікірлер әліпбиді жасап шығарушы ғалымның құлағына жеткен көрінеді. Қазақ әліпбиі апострофсыз қолданылуы мүмкін бе деген сұраққа агенттікке сұхбат беруші төтесінен жауап берді: Теория жүзінде де, тәжірибе жүзінде де апострофсыз қолданылуы мүмкін, неге болмасқа? Біз ыңғайлы, қажетті әрі тиімді дүниені жүзеге асыруға толық құқығымыз бар”.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда қайыр сұрап жүрген әжей: Қайтем енді, азын-аулақ тиын жинасам көмір алам

Ақмола облысының әкімі пәтер кезегін мұқтаж жандарға берген әжей туралы айтты

Кореялық медбикелер басшылықтың талабымен эротикалық би билеуге мәжбүр болған (видео)

Талқылау