Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"TikTok-та үш рет рекорд орнатқан": Түрмеден шыққан Мұрат Әбділда бір күнде миллионер атанды

Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп бас бостандығынан айырылған Мұрат Әбділда түрмеден шыға сала миллионер атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөз

Ең әуелі ол TikTok-тағы лайк саны бойынша рекорд жаңартқан. Блогер жарты сағаттың ішінде 151,5 миллион лүпіл жинап үлгерген.

Екіншіден, блогердің тікелей эфирін бір сәтте 170 мың адам көрген. Бұл да TikTok-та тіркелген жаңа рекорд болып саналады. 

Үшінші рекорд Мұрат Әбділда отырған тікелей эфирдің сілтемесін тарату бойынша жасалған. Тікелей эфирді 196,9 мың адам бөліскен.

Сонымен қатар тікелей эфирді көріп отырған адамдар блогерге 30 минутта 6 024 549  реакция жіберген. Бұл TikTok есептері бойынша, 30 122 доллар немесе 14 432 528 теңгеге бағаланады.



Еске салайық, Мұрат Әбділда абақтыдан кейін немен айналысатынын айтқан еді. 

“Туған үйге жететін жер жоқ екен?! Мен өз арқамда шыққам жоқ. Қаншама рет түзету мекемесінің есігін тоздырған адамдардың арқасында бостандықтың таңын көрдім. Абақтыда отырып, 100 шақты ән шығарып келдім. Өмірімді түгелімен шығармашылыққа арнаймын”, – деп ағынан жарылған еді әнші. 

 
@alashkznews

Түрмеден шыққан TikTok-блогер Мұрат Әбділдә бір күнде миллионер болды, — деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап. 18 қыркүйекте блогер TikTok-та өзге блогермен батлға шығып, үш рекорд орнатқан. Әбділдә, біріншіден, TikTok-тағы лайк саны бойынша рекорд орнатқан. Блогер жарты сағаттың өзінде 151,5 миллион лайк жинаған. Екіншіден, блогердің тікелей эфирін бір сәтте 170 мың адам көрген. Бұл да TikTok-та тіркелген жаңа рекорд. Үшінші рекорд — Мұрат Әбділдә отырған тікелей эфирдің сілтемесін тарату бойынша жасалған. Тікелей эфирді 196,9 адам бөліскен. Сонымен қатар, тікелей эфирді көріп отырған адамдар блогерге 30 минуттың ішінде 6 024 549 алмас жіберген. Бұл TikTok есептері бойынша, 30 122 доллар немесе 14 432 528 теңге.

♬ Мұрат Әбділдә without me - kzaicover
Талқылау