Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TikTok министрліктің хабарламасынан соң “Йоу орыстар” әнін платформадан алып тастады

TikTok желісі Мәдениет министрлігі хабарласқаннан кейін “Йоу орыстар” әнін онлайн-платформадан алып тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Министрлік мұндай өтінішті бірқатар интернет-ресурстар мен онлайн-алаңдарға жіберген.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың айтуынша, ән мен оның үзінділері 22 шетелдік интернет-ресурстарда және TikTok (12), YouTube (8) және "ВКонтакте" (2) онлайн-платформаларының алаңдарында тіркелген.

"Барлық анықталған материалдар бойынша құқық бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін интернет-ресурстар мен онлайн-платформалар әкімшіліктерінің мекенжайларына хабарламалар жіберілді", – деді Евгений Кочетов.



Еске салсақ, Qaznews24.kz парақшасының авторы, белсенді Темірлан Еңсебек 17 қаңтарда ұсталған еді. Оған “ұлтаралық алауыздықты қоздырды” деген айып тағылса да, көпшілік белсендінің парақшаға “Йоу орыстар” әнін қолданғаны үшін ұсталды деп топшылады. Кейін полиция "Йоу, орыстар" әнінің авторын іздеп жатқанын хабарлады. 

Талқылау