Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тікелей эфирде күйеуінің опасыздығы туралы айтқан келіншек енді үйіне баруға қорқып жүр

Қазақстандық 32 жастағы келіншек күйеуінің опасыздығы туралы тікелей эфирде айтып берді. Енді ол үйге барғанда некелі жарынан таяқ жеуден қорқып жүр.

1273039774_nasilie_zhen

Бұл туралы «Әйел бақыты» бағдарламасында айтылды.

Ерлі-зайыптылардың опасыздығы үшін әр елде түрлі жаза қолданылады. Жазаның ауырлығы жағынан Папуа республикасы көш бастап тұр. Алданған еркекке әйелінің көңілдесінің басын алуға рұқсат берілген. АҚШ-тың 10 штатында опасыздық жасаған ерлі-зайыптылар түрмеге жабылады. Мысалы, Миннесота штатында әйел мен еркекті де 5 жылға түрмеге қамап, 1 000 доллар көлемінде айыппұл салады. Германияда бұрынғы кездері опасыздық жасаған ерлі-зайыптылардың аяқ-қолын кесіп жазалаған. Қазіргі Қытайдың Гуандун өлкесінде некесіз қарым-қатынасқа тыйым салынған. Опасыздық жасаған ерлі-зайыптыларды екі жылға түрмеге жауып, мүлкінің жартысын тәркілейді. Ал Түркияда 1996 жылы қабылданған заң бойынша, опасыздық үшін 5 жылға түрмеге тоғытылады. Біздің елімізде опасыздыққа байланысты дәл мұндай қатаң жаза түрлері қарастырылмаған. Күн сайын көптеген әйел некелі жарынан жәбір көріп, олардың опасыздығына төзіп жүр. Олардың бірі – Майра ханым. 32 жастағы келіншек тікелей эфирде күйеуінің өзіне жасаған опасыздығы туралы айтып берді.

– Сүйіп қосылған жарың ба? Қанша жыл жүрдіңдер?

– Екеуіміз бір жарым жыл жүріп барып қосылдық. Алғашқы жылдары барлығы керемет, жақсы болды. Соңғы бір, бір жарым жыл ішінде ерсі қылықтарын көрсете бастады. Төртінші баламды үш жыл бұрын босанған болатынмын. 10 жыл көлемінде төрт баламен үйде отырдым. Жолдасым жұмыс істейді. Тапқан табысын үйге әкеліп отырады. Темекі шегіп, қыдырады.

– Баланы қатар босана бергеннен кейін әйелдің өзін құрметтеу сезімі жоғалады. Өзіңді бағалап көрші.

– Үнемі үйде төрт баламен отыратындықтан, өзіме деген сенімім бәсеңдеді. Жолдасым келгенше ас әзірлеп, үй шаруасымен айналысып, балаларды қарап отырамын. Шыны керек, өзіме қарамай кететін кездерім болады. Сыртқа балалармен шығуға қиналамын. Оның үстіне бар жауапкершілік менде. Дүкенге өзім барамын, балаларды ауруханаға өзім қаратамын. Жолдасым түнге дейін жұмыста болып, артынша достарымен қыдырады. Бір күні үш жасар қызым әкесінің телефонымен ойнап отырды. Артынша телефонынан оның басқа қыздармен сөйлескенін көріп қалдым. Жанна деген қызға хабарласып едім, «Алло, жан» деп жауап берді. Оған бұл туралы айтқан едім, дауыс көтеріп, мені кінәлауды шығарды. «Менде шаруаң болмасын. Үйіңді жина!» деп ұрсады. Ал әлгі қыздар «Алдымен, өзіңнің күйеуіңе ие бол» деп айтады.

– Бұл туралы күйеуіңе қалай айттың? Баж етіп, бетінен алдың ба?

– Жаңа айтып өткенімдей, «Телефоныңдағы Жанна деген қызға хабарластым. Ол маған «Жан» деп жауап берді. Неге олай айтады?» дедім. Ол «Телефонымды жұмыстағылар алған. Солардың қызы шығар» деп ақталды, артынша ұрысты. Оның осы сөздеріне сендім. Бірақ қазір оның көзіме шөп салып жүргенін сеземін. Үйге кеш келеді. Қарым-қатынасымыздың дәл осылай шиеленісіп кеткеніне 2 жылдай уақыт болды. Арасында ішіп келетін кездері де болады. Маған сөзбен келіспей қалған кезде қол көтереді.

– Сен өзіңді қандай әйелмін деп ойлайсың? Жалпы мен (Ләйлә Сұлтанқызы) сені өзін тастап жіберген, артық салмақ жинап алған әйел деп айта алмаймын. Шашың жылтырап, үйтіңнен жұпар иіс аңқып тұр. Әлде үйде салақсың ба? Бәлкім, жасаған тамақтарың дәмді емес шығар?

– Жоқ, мен салақ әйел емеспін. Тамақтарым да дәмді. Төрт баламен у-шу болудан жалыққан шығармын. Әрине, барлығына көбірек көңіл бөлгім келеді. Көбінесе балаларымның сабағын оқытып, қыздарымның шашын өремін.

– Басыңыздан түрлі қиын оқиға өтіп жатыр. Осыған қарамастан сіз жолдасыңызды жақсы көресіз бе?

– Оны жақсы көремін. Өйткені бірге жүрдік. Сүйіп қосылдық.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Күйеуінен күдіктенген әйел оның қалтасына мүшеқап салып беріп жүр

Қазақ жігіті салақ әйеліне үй шаруасын үйрете алмағанын айтып налыды

Ақтөбелік әйел күйеуінің опасыздығына көз жұмған құрбысына ашуланды

Қазақстандық келіншек бірнеше әйелді жүкті қылып, мүлкін тартып алған алаяқтан сақтандырды

Талқылау