Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

TikTok-тағы видеосы үшін: Маңғыстау облысында билікті сынаған 11 баланың анасы сотталды

Маңғыстау облысында билікті сынаған 11 баланың анасы сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скрин

Жаңаөзендік Жадыра Досекеева қылмыстық кодекстің "телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру" бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл шартты жазаға кесілді. Сондай-ақ, белсенді қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады. Және тұрғынға үш жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды.

Сот жаңаөзендік тұрғынның биыл сәуірде "TikTok" әлеуметтік желісінде жариялаған бейнежазбасын" әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруды негіздейді" деп бағалаған. Белсендіге қатысты қылмыстық іс биыл маусымда қозғалған болатын. Сот барысында прокурор оның бас бостандығын 4 жылға шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Ал сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп үш жыл шартты жаза кескен. Сондай-ақ, белсенді жазаны өтеу кезінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады.


"Экс-полицей үйлеріне баса көктеп кіріп, пышақпен қорқытқан": Алматы облысында 19 жастағы жігіт анасына араша түскені үшін 3 жылға сотталды


"Сотталушы Жадыра Досекеева өзінің кінәсін мойындамай соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Жадыра Досекееваның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да құжаттарымен дәлелденді. Сот, Жадыра Досекеева-ға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық тұрғын Tiktok-тағы тікелей эфирі үшін сотталды.

 

Талқылау