Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Threads арқылы фитнес-клубқа жазылмақ болған қазақстандық алаяқтарға алданып қалды

Олжас Бектенов жаңа Конституциясы жобасын бұрмалап желіге тарататындарға шара қолдануды тапсырдыФото: pixabay.com

Threads арқылы фитнес-клуб абонементін сатып алмақ болған Косшылық бойжеткен алаяқтардың құрбаны болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полицияның мәліметінше, наурыз айының соңында 24 жастағы қыз Threads әлеуметтік желісінде мобильді қосымша жарнамасын көрген. Онда астанадағы фитнес-залдарға абонементтер тартымды бағамен ұсынылған. Ұсынысқа қызыққан ол хабарламаның авторымен WhatsApp арқылы байланысқа шығып, шарттарды талқылағаннан кейін көрсетілген есепшотқа 80 мың теңге аударған. Алайда ақша алынған соң "сатушы" байланысқа шықпай қалған.

Аптаның ішінде қыз қызмет әкімшілерінен жауап күткен, бірақ абонемент те, ақша қайтарымы да болмаған. Ақыры полицияға шағымданған. Қазір осы факті бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде. Іс интернет-алаяқтық фактісі бойынша жүргізіп жатыр.



Полиция онлайн-сатып алулар кезінде абай болуға шақырды. Мұндай жағдайға тап болғанда хат алмасуларды, чек және басқа да төлем дәлелдерін сақтау, сондай-ақ дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажет.

STAN.KZ
Сенбі, 04 Сәуір, 2026 17:32