Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тез жеткізуді уәде етеді: Қазақстандықтарға фармацевтикалық нарықтағы алаяқтық туралы ескертілді

Фото: pixabay.com

Қазақстанда алаяқтар енді жаңа қулыққа көшіп, өздерін дәріхана ретінде көрсетіп, алдап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға осындай алаяқтықтан сақ болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, алаяқтар шынайы дәріханалардың сайттарына ұқсас ресми ресурстардай етіп көрсетіп жатыр. Мұнда пайдаланушыға дәрі-дәрмекке тапсырыс беру ұсынылады, банк картасының деректерін енгізуді сұрайды және тез жеткізуді уәде етеді. 

Бәрі шынайы көрінеді: логотиптер, тауар тізімі, тіпті "тұтынушы пікірлері" де бар. Алайда төлем жасалғаннан кейін ешқандай дәрі келмейді, ал картадан ақша жоқ болып кетеді. Мұндай төлемдер күмәнді төлем жүйелері арқылы немесе тікелей жеке тұлғалардың есепшоттарына аударылады.

DATASTAR компаниясының басқарушы директоры, QAZTECH альянсының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі комитетінің тең төрағасы Евгений Питолин мамандар мұқият болуға кеңес береді және алаяқтарды әшкерелеуі мүмкін ұсақ-түйек белгілерге мән беруді ұсынады.

"Аванстық төлемді жеке тұлғаның картасына аудару талабы – бұл бірінші белгі. Екіншісі – ешқандай лицензиясы немесе рұқсат қағаздарының болмауы. Ал үшіншісі – тым арзан бағалар немесе барлық дәрінің бар болуы. Мысалы, қалада жоқ дәрі тек сол "дәріханада" бар делінсе бұл күмән тудырады", – деді маман.

Қауіпсіздік үшін ресми дәріханалар мен тексерілген интернет-ресурстар арқылы ғана тапсырыс берген дұрыс дейді маман.


Астанада алаяқ изолятордағы адамның жақындарына "көмектесемін" деп 26 миллион теңгеге алдаған


"Су мен электр есептегіштерін ауыстырамыз" деп қоңырау шалған: Алматылық ерлі-зайыпты алаяқтардың кесірінен үйі мен көлігінен айырылды


Еске салайық, бұған дейін көкшетаулық қыздың шотынан 600 доллар жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін жаздық. Кейін ақшаның Оңтүстік Африкаға аударылғаны анықталған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 23 Сәуір, 2025 08:37