Тез ұйықтауға көмектесетін қарапайым тәсілдер аталды
Өмірдің жылдам қарқыны және уайымның күшеюі ұйқы режимін бұзады және организм үшін апатты салдарға алып келеді. Бұл туралы Пекин ауруханасының клиникалық психология бөлімінің бас дәрігерінің орынбасары Ши Хуэй мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл процесті қалыпқа келтіру үшін маман таңғы жетіден кешікпей тұрып, ертерек ұйықтау әдетін қолға алуды ұсынды.
"Егер осы режимді біраз уақыт ұстансаңыз, онда жұмыс пен демалудың дұрыс тәртібін жасай аласыз", - деді ол.
Сонымен қатар, ұйықтар алдындағы соңғы сағатта ұялы телефонды пайдалануды доғару керек. Экрандағы жарық мелатонинді - ұйқы гормонын синтездеуді қиындатады, осылайша ағзаны алдайды.
Ши Хуэйдің сөзінше, шай, кофе және басқа да сусындардан бас тарту да тез ұйықтауға ықпал етеді.
Дәрігердің айтуынша, төсекке жатқанға дейін жасалатын ең жақсы нәрсе - ыстық ванна, кітап оқу және ішпен тыныс алу жаттығулары.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"