Tesla жүргізушісіз таксиді сынақтан өткізіп жатыр

Фото: Tesla / CarBuzz
Tesla автономды таксиді сынақтан өткізуді бастап кетті. Пилотсыз Robotaxi такси қызметін Илон Маск 2025 жылдың жазында іске қосуға уәде берген еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әзірге пилотсыз таксиді Сан-Франциско мен Остиндегі (Техас штаты) Tesla қызметкерлері ғана шақыра алады.
Robotaxi-ге тапсырыс беру үшін қызметкерлер арнайы қолданбаны пайдаланады. Көлік келген кезде телефонға хабарлама жіберіледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көлікте жүргізуші болады, бірақ көлік өзі қозғалады.

Фото: Tesla / CarBuzz
Ал артқы орындықта жолаушыға арналған қосымша экран бар. Жолаушы есімі мен бару керек мекенжайды растап, сапар қашан аяқталатынын біле алады.
Илон Маск роботаксиді 2025 жылдың жазында қосуға уәде берген. Сөзінше, жүргізушісіз таксилер келесі жылдың соңына дейін компанияның "қаржылай жағдайын жақсартуға тиіс".
Қазақстандықтар үшін шетелге демалуға ең тиімді айлар аталды
Компания өкілі: "Демалысты кемінде үш ай бұрын брондау арқылы туристер тур құнын 40 пайызға дейін үнемдей алады"
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін