Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Терісі ақ болып туған балалары қара нәсілді аналарын жатсынып жүр (фото)

Терісі ақ екі бала туған қара нәсілді әйел дәрігерлерді таңғалдырды.

3CA1350A00000578-4168946-image-a-128_1485702780394

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды.

35 жастағы Кэтрин Хоуарттың бүгінде екі баласы бар. Ол терісі ақ София қызын босанған кезде өз көзіне өзі сенбеген. Бірінші перзентінің де терісі ақ болған екен.

“Бірінші перзентім туған кезде дәрігер қатты таңғалды. Қара нәсілді әйелден терісі ақ, көзі көк баланың туғанын бірінші рет көргенін айтты. Мұндай жағдай миллион адамның басында бір рет кездеседі екен. София туған кезде мен айтарға сөз таппадым. Біз туралы түрлі жаңалық жазыла бастады”, – дейді Кэтрин.

3C9FB66700000578-4168946-image-a-121_1485702473429

37 жастағы күйеуі Ричардтың терісі ақ. Ол инженер болып жұмыс істейді. “Джон туған кезде дәрігер қателесіп, маған басқа біреудің баласын әкелген болар деп ойладым. Алайда Софияны әкелген кезде, Джонның туған ұлымыз екеніне еш күмәнім болмады. Себебі, дәрігерлер екі мәрте қателсуі мүмкін емес. Дәрігерлер мен медбикелер оларды көрген сайын бірнәрсе айтып қалуға тырысатын. Балаларым кейде “Бұл менің расымен де туған анам ба?” деп ойланады екен. Көшеде адамдар мені тоқтатып, “Сіз олардың күтушісіз бе?” деп сұрайды. Шынымды айтсам, осындай сауалдардан әбден мезі болдым. Жұрт қара нәсілді әйелден терісі ақ балалар тууы мүмкін емес деп ойлайды. Мұндай жағдай менің отбасымда бірінші рет болып тұр”, – дейді Кэтрин.

3C9FB5F600000578-4168946-image-m-113_1485702239044 (1)

Бастапқыда таңғалғанымен, жұбайлар балаларының дәл осылай терісі ақ болып туғанына қуанып жүр. София агенттіктен сәнбике болуға ұсыныс алып та үлгерген екен. “Әйелім екеуіміз дәл осындай сұлу да сымбатты перзенттеріміздің барына қуаныштымыз. Біз үшін олардың денсаулығы мен бақыты маңызды”, – дейді балалардың әкесі Ричард.

3C9FB56200000578-4168946-image-m-106_1485701866648

“Әйелдің ата-бабаларының ішінде ақ нәсілді адам болған болуы керек. Сол енді ғана көрініс тауып жатыр”, – дейді молекулярлы генетика саласының маманы Коллин Линч. Мұнымен қатар, Эдинбург университетінің маманы Иэн Джексон бұл жұптан әлі де терісі ақ балалардың тууы мүмкін екенін айтты.


Жіберіп алмаңыз:

Түсік тастаған әйелдің сәбиі тіріліп кетті (фото)

Қытайда кейуана ұрланған қыздарымен 28 жылдан соң кездесті (фото)

Таңғаларлық жағдай: Егіздердің дене түсі екі түрлі болып туды (фото)

Жалаңаштаған модель Лондон көшелерімен жүріп өтті (фото)

Талқылау