Терезесін сындырып, сыртына сурет салған: Ақтауда бұзақылар өнер орталығын қиратып кеткен (видео)
Ақтау қаласының тұрғындары бұрын «Өнер» арт-галереясы болған ғимараттың терезесін сындырып, сыртына сурет салып тастаған бұзақыларға шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бұл жағалауда ақтаулықтар ғана емес, қаланың қонақтары да серуендегенді ұнатады. Мұндай масқараны көріп, таңқалып отырмын. Ғимаратты басқа да жақсы мақсаттарға пайдалануға болатын еді», - деді Ақтау тұрғыны.
«Өнер» арт-галереясының жетекшісі Аймұрат Танатовтың айтуынша, мәдениет орталығы 32-ші ықшам ауданға көшіп кеткен. Ал ғимарат оның иесі Мұрат Сауғабаевқа қайтарылған.
Ал, өз кезегінде, Мұрат Сауғабаев алдағы уақытта ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ол жерде ұлттық қолөнер орталығы ашылатындығын жеткізді.
Талқылау