Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Терезеден секіріп, үйден кетемін": Ләззат Ахатова Әнару Құрманалиеваға қатысты тың ақпаратты жариялады

 

Фото: Stan.kz

Танымал адвокат Ләззат Ахатова жәбірленуші Әнару Құрманалиеваға қатысты тың мәліметтерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Құқық қорғаушы Әнарудың әкесімен болған арадағы хабарламаны жариялады. Композитордың сөзінше, қызы жүйкесін тоздырған көрінеді. 

“Мен кеше қызыммен қырылып қалдым. Әбден қанымды ішті. Түнімен ұйықтай алмай шықтым. Сөйтіп ауырып қалдым. Жаңа ғана басымды көтердім. Мен бұл қызға не істерімді де білмеймін. Бұл ауру емес. Кішкентайынан мінезі сондай. Айтқаны болмаса терезеден секіремін, үйден кетіп қаламын деп шешесінің жүйкесін тоздырған. Мынау шешесінің момындығын біліп алып, білгенін істеген. Кім жылы сөйлесе, алдымен соған еркелеп, соңынан есіре бастайды. Менің екі қарындасым да, туған ағамыздың қызы деп талай мәрте еркелігіне көнген болатын. Қазір араласпайды. Сенің де адам аяғыш, балажан екеніңді біліп алып, мазалап жатыр”, – деп жазған композитор. 



Еске салайық, "Манипуляция жасауға бейім эгоист екен" деп Әнару Құрманәлінің адвокаты жәбірленушімен арадағы байланысты үзген еді. 

Фото: https://web.facebook.com/photo/

Бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Алайда боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды. Ал Жанқош Тұраров зорлады деп арыз жазған Әнару Құрманәлі есімді ару танымал композитордың қызы болып шықты. 29 қазанда қылмыстық іс тоқтатылды

STAN.KZ
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 15:27
Талқылау