Терезеден құлап кеткен: Рудныйда 3 жасар баланың ата-анасы жазаланды
Рудныйда баланы қараусыз қалдырып кеткені үшін анасы жазаланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Рудный соты үш жасар баласы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен әйелге қатысты үкім шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
"Әкімшілік кодекстің 127-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Рудный қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен баланың анасына 25 844 теңге көлемінде айыппұл салынды", – деп хабарлады облыстық сот.
Қостанай облысында биыл кәмелетке толмаған төрт бала терезеден құлап кеткен. Төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлерінің айтуынша, құлап, жарақат алған балалардың ата-аналары болған оқиғаға өздері кінәлі екенін мойындаған.
Еске салсақ, осыған дейін Астанада бес баланың анасы терезеден секіріп кеткені туралы жазғанбыз.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"