Тереңдігі 40 метр: Түркістан облысында құдыққа құлаған келіншек көз жұмды
Түркістан облысында тереңдігі 40 метрлік құдыққа құлап кеткен 29 жастағы келіншек көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқыс оқиға 18 наурыз күні таңертең Түлкібас ауданындағы Майлытөбе ауылында болған.
Марқұм ашық алаңда тұрған дренаж құдыққа құлаған. 40 метр тереңдікте ауа болмаған соң, құтқарушылар арнайы құрылғымен оттегіні жіберіп отырды. Арада үш сағат өткен соң беліне арқан байлаған құтқарушылардың бірі тереңде жатқан адамды алып шыққан. Алайда жер бетіне шығарылған келіншек көз жұмды. Қазір оны әлдекімнің итеріп жібергені әлде байқаусызда құлағаны тексеріліп жатыр.
Еске салсақ, бұған дейін Түркістанда құдық құбырына құлап кеткен 29 жастағы келіншек құтқарылғаны туралы жазған едік.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік