Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тепкілеп, үстіне секірген": Атырауда екі ер адам жігітті соққыға жығып, ақша талап еткен (видео)

Фото: Видеодан скрин

Атырауда пәтерде екі ер адам жігітті соққыға жыққан. Оқиға орнында түсірілген видеоны жергілікті блогерге белгісіз қыз жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарады. Кадрдан екі ер адамның жігітті ұрып-соғып, тепкілеп, үстіне секіріп жатқанын көруге болады. Бұл видеоны жергілікті блогерге бір қыз жіберген екен. 


Жамбыл облысында дүкен иесі балаларды ұрып-соғып жәрдемақыларын тартып алғаны үшін сотталды


Ұлытау облысында балабақшада балалар 3 жасар қызды жабылып ұрып-соққан


Блогердің айтуынша, бұл жағдай “аю тұзағы” деп аталатын алаяқтық схемасына ұқсайды. Себебі, екі ер адам жігітті пәтерде жасөспірім қарындасымен бірге ұстап алып, бірден ақша талап еткен. Ақша беруден бас тартқан соң аямай ұрып-соғыпты. Алайда бұл жағдайға видеоны жіберген қыздың қатысы бар-жоғы белгісіз. Ол өзі үшін алаңдайтынын айтып, нақты мәлімет беруден бас тартқан екен. 

Полиция мәліметінше, жағдайға қатысы бар барлық адамдар анықталып, бөлімшеге жеткізілген. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

“Оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін бірқатар тергеу іс-шаралары жүріп жатыр”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда бір ай бұрын өзіне екі қыз шабуыл жасап, қала сыртына күштеп алып кеткенін мәлімдеген блогер Құралай Болатованың ісі бойынша сот процесі басталғаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 17 Желтоқсан, 2025 11:35