Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңіз кен орнындағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалуда

Теңіз кен орнындағы гидротест кезіндегі жарылыстан бес жұмысшы зардап шегіп, екі азаматтың көз жұмғаны белгілі болды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозалып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қайтыс болғандардың біреуі оқиға орнында, екіншісі кен орнындағы "ТШО клиникасы" медициналық мекемесінде көз жұмған. Үшінші зардап шегушіні "Теңізшевройл" ЖШС-ға қарасты ұшақпен облыстық ауруханаға жеткізген. Науқасқа қазіргі таңда дәрігерлер сараптама жүргізіп жатыр. Жамбас тұсынан жабық жарақат алған төртінші жұмысшы Жылыой аудандық ауруанаға жеткізілді. Оның жағдайы орташа тұрақты. Бесінші зардап шегушіге кен орнындағы "ТШО клиникасы" медициналық мекемесінің қызметкерлері психологиялық көмек көрсетіп жатыр”, –  деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

“ТеңізШеврОйл” қаза тапқан жұмысшылары мердігер компания да жұмыс істегенін айтты.



"Сенімді құрылыс" мердігер ұйымының қызметкерлері құрылыс алаңында атқарған гидравликалық сынау кезінде қысымның түсуі орын алып, нәтижесінде мердігер ұйымының үш қызметкері жарақат алып, екеуі қаза тапты. Жағдай бақылауымызда”, – деді ТШО баспасөз қызметі.

Қазір кен орнында жұмыс толық тоқтатылды. Атырау облыстық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156 бабының 3 бөлімімен (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу cалдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу) қылмыстық іс қозғады.

Осыған дейін Теңіз кен орынында жарылыстың болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау