Теңге нығаюда: Доллар бағамы бір күнде қаншаға төмендеді

31 наурыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстанда доллар бағамы төмендеп, теңге нығайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды. АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 478,77 теңгені құрап, алдыңғы көрсеткіштен 2,7 теңгеге төмендеді.
Елдің ірі қалаларындағы жағдай төмендегідей:
Алматыда долларды орта есеппен 476,65 теңгеден сатып алып, 479,12 теңгеден сатып жатыр.
Астанада сатып алу бағамы – 475,03 теңге, ал сату бағамы – 482,03 теңге.
Шымкентте долларды сату бағамы шамамен 480,52 теңге деңгейінде тіркелген.
Басқа валюталар бағамы: Еуро орта есеппен 545–555 теңге аралығында саудалануда, ал ресейлік рубль аздап өсіп, 5,89 теңгеге жетті – өсім 0,01 теңгені құрады.
Қытай юані сауда қорытындысы бойынша арзандап, 69,35 теңгеге дейін түсті. Ол 0,35 теңгеге төмендеген
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік