Қазақстан құрамасының футболшылары 20 мың доллардан алмақ
Қазақстан құрамасының футболшылары Румыния командасымен тең ойнағаны үшін 20 мың доллардан сыйақы алады. Бұл туралы “Астана”, “Ақтөбе”, сондай-ақ румыниялық бірнеше команданың бұрынғы бас жаттықтырушысы Йоан Андоне айтты.
Фото: Footboom.kz
Бұл туралы sports.kz хабарлайды.
“Әрине, қарсыласың әр ойында аяғыңнан шалып тұрғаны қатты ашуыңды келтіреді. Бұл өзі қызық, дұрыс емес ойын болды. Бірақ, Армениямен ойнаған матчпен салыстырғанда, әлдеқайда қиын еді. Оның үстіне, олар Черногориядан 0:5 есебімен жеңіліп келіп отыр. Бұған дейін поляктармен ойынның 2:2 есебін ескерсек, 0:0 – жақсы көрсеткіш. Бұл тең ойын үшін Қазақстан құрамасының әр ойыншысы 20 мың доллардан, я болмаса, 10 мен 20 мың аралығында алады деп ойлаймын”, — деді Андоне.
Естеріңізге салайық, Қазақстан мен Румыния құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің үшінші айналымындағы матчта 0:0 есебімен тең түсті.
Бұған дейін ойын алдында румын футболшыларын тонап кеткені туралы хабарлаған едік.
Оқи отырыңыз:
Рим 2024 жылғы олимпиаданы өткізуден ресми түрде бас тартты
Василий Левит: Өзімді жұлдызбын деп есептемеймін
Қазақстандық Денис Ұланов Рио ойындарының қола жүлдегері атанды
Қуат Найман: Ешкім танымайтын “Алаш прайд” клубы менің арқамда танымал болды (видео)