Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Денис Ұланов Рио ойындарының қола жүлдегері атанды

2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында румын ауыр атлетшісі Габриэл Синкраяна 85 кг салмақта өнер көрсетіп, қола жүлдені иеленген болатын. Белгілі себептермен спортшы медалінен қағылды. Есесіне жүлде қазақстандық Денис Ұлановқа бұйырды.

15e9c5079fd9e6dfbac3955ed3795d86

Фото: bnews.kz

Бұл туралы “Спутник” басылымы хабарлайды.

2016 жылы өткен Рио Олимпиада ойындарында отандасымыз Денис Ұланов төртінші орынды иеленген болатын. Ауыр атлетика федерациясының ресми журналында қола жүлденің қазақстандық спортшыға бұйырғаны жазылған. Осылайша, Қазақстанның қоржыны тағы да бір қола медальмен толықты.

814736

Тексеріс кезінде Габриэл Санкраянның қанынан допинг табылған. Екі спортшы да бірдей нәтиже көрсеткен болатын. Алайда қазақстандық спортшының өз салмағы румындық спортшыдан көбірек болғандықтан, жеңіс кейінгісіне бұйырған еді.


Жіберіп алмаңыз:

Қуат Найман: Ешкім танымайтын “Алаш прайд” клубы менің арқамда танымал болды (видео)

Футболдан Қазақстан құрамасы 17:0 есебімен ұтылды

Италиялық футболшы футбол тарихындағы алғашқы жасыл қағазды алды

Екі дүркін олимпиада чемпионы педофил деп айыпталды

Талқылау