Температура 10-20 градусқа дейін төмендейді: Қазақстанда алдағы күндері аяз күтіледі
“Қазгидромет” мамандары Қазақстан бойынша 2022 жылғы 15-17 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктер елде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының төмендейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елдегі ауа-райына Атлантикалық циклон өз әсерін тигізеді. Нәтижесінде елдің солтүстігінде, орталығында және оңтүстігінде жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын болжанады. Республика бойынша бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі, сонымен қатар жылдамдығы 15-28 м/с жететін жел соғады.
15 қарашада Қарағанды және Жамбыл облыстарында жылдамдығы 30 м/с асатын жел күтіледі. Аптаның соңында солтүстік-батыс антициклонының еніп, жауын-шашынның тоқтайды және температура төмендейді деп күтіледі. Ауа температурасы түнде солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және орталықта 10-20 градус аязға дейін, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 2-10 градус аяз, таулы аймақтарда 10-15 градусқа дейін аяз болжанады.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен