Теміртауда жаңажылдық безендіруді бүлдірген ер адам 10 тәулікке қамауға алынды

Теміртауда көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісіндегі шыршаны өртеп жіберген ер адам 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, Теміртау қалалық әкімшілік сотында 33 жастағы қала тұрғынына қатысты іс қаралды. Сот шешімімен құқық бұзушыға 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.
Бұған дейін желіде Теміртау қаласында ер адамның тұрғын үйлердің бірінің кіре берісіндегі жаңажылдық безендірулерді әдейі бүлдіргені түсірілген видео тараған еді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтап, оның осы үйдің 33 жастағы тұрғыны екенін анықтаған. Тексеру аяқталған соң жиналған материалдар сотқа жолданып, сот тиісті процессуалдық шешім қабылдады.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан