Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда жалаңаш маньяк 8 жасар қызды қуып жетпек болды

Теміртау полицейлері 2 желтоқсан күні 8 жасар қызды зорламақ болған ер адамды іздеп даурықты. NV.KZ сайтының журналистері бүлдіршінді зорламақ болған  педофил жайлы оқиғаның толық дерегін анықтап көрді.

2-сынып оқушысы отбасымен 9 қабатты үйдің 8-қабатында тұрады. Куәгерлердің айтуынша, оқиға тал түсте болған. Теміртау тұрғыны қызымен бірге үйіне келе жатады. Анасы дүкенге ккірмек болып, қызына кілтін беріп үйіне жібереді. Подъезде бейтаныс ер адам қыздан су сұраған. Ол қыздың соңынан жүріп үйге бірге кіреді. Бүлдіршінге төне түсіп, шешіндіре бастайды. Бүлдіршін бар даусымен айқайлап, бір амалын тауып сытылып шыққан. Ер адам оны іш киіміне дейін шешіндіріп үлгеріпті. Қашып бара жатқан қызды көршісі терезеден көріп қалады.

«Терезеден қарасам, бүлдіршін тек іш киіммен, үстіндегі футболкамен қашып барады. Мен көшеге жүгіріп шығып, оны пәтеріме кіргіздім. «Не болды?» деп сұрасам, ол үйіне ұрының түскенін айтты. Ол қызды шешіндіріп тастаған. Біз дереу полиция шақырттық. Ал, маньяк жалаңаш күйінде жоғарыға көтеріліп, киімін киіп қайта сыртқа шығып кетті. Айқайлап, подъезді басына көтерді. Полицейлер ол кезде келе қоймаған соң, ол түк болмағандай шығып кете барды», – дейді көршісі.

fotorobot0612

Ғаламторда маньяктың фотороботытарады. Полицейлердің еуропалық нәсілді, шамамен 30 жастағы ер адамды іздеп жүргені белгілі болды. Ол қара күрте мен көк джинсы шалбар киген.

Ертеңіне күдікті қылмыскердің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Ұсталған адам 38 жаста болып шықты. Ол қазір тергеу изоляторында қамауда отыр.

Бұған дейін педофиіңл екінші сынып оқушысының үйіне басып кіріп, оны зорламақ болғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Ақтөбе облысында ер адам темекісін бермеген танысып ұрып өлтірді

Ақтауда қуаттандырғышта тұрған ұялы телефонның кесірінен 7 айлық сәби көз жұмды

Жастайынан жетім қалып жақындарынан қорлық көрген қыз адам сенбес күйде тұрып жатыр

 

Талқылау