Теміртауда тұрғын-үйдің алдынан тастанды қыз бала табылды
Теміртауда бесқабатты үйдің текпешегінен тастанды бала табылды. 2-3 ай шамасындағы қыз бала жұқа матаға оралып, бетонның үстінде жатқан. Нәрестені қоқыс төгуге шыққан үй тұрғыны тауып алды.
«Есікті ашсам, жерде нәресте жатыр, шамамен үш айлық. Көршіме хабарластым, содан соң полиция шақыртып, баланы тамақтандырдық. Емшек сүтін қабылдамады, өзімнің де 9 айлық балам бар, емізулі әйелмін. Қыз бала жұқа матаға оралып, бетонның үстінде жатты. Бұтында тек памперс бар. Нәресте еуропалыққа ұқсайды, көздері үлкен өте сүйкімді қыз. Содан кейін жедел жәрдем келіп, бүлдіршінді балалар ауруханасына алып кетті», – деді әйел.
Қазіргі уақытта сәби Теміртаудағы балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның денсаулық жағдайын қалыпты деп отыр. Қуаныштысы, бетонда жатса да, қызға суық тимеген. Дегенмен де ол біраз уақыт ауруханада жатады, деп хабарлады nv.kz.
Қарағанды облысы ішкі істер департаментінде әзірге бұл туралы мәлімдеме берілмеді.
Жіберіп алмаңыз:
Қарағанды облысында ұлын өртеп өлтірген қайғылы жағдайға ажырасу себеп болуы мүмкін
Шымкентте балабақшадағы қатарластары 4 жасар баланы қылқындырып, ес-түссіз күйге түсірген